Алматыда бір түнде 1,2 мың текше метр қар шығарылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының коммуналдық қызметтері түнімен қаланы қардан тазалады.

Фото: Алматы әкімдігі

Күндіз қала көшелерінде 605 арнайы техника және 1080 жол жұмысшысы жұмыс істейтін болады. Көктайғақтың алдын алу үшін негізгі көшелер сұйық реагенттермен өңделді.

Фото: Алматы әкімдігі

– 16 желтоқсанда таңертең жол қызметтері көшелерді қайта тазартуды бастады. Жұмысқа полицияның патрульдік машиналарымен бірге жүретін 23 техника колоннасы жұмылдырылды. Республика алаңын, әуежайды және Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдарын қоса алғанда, негізгі қалалық нысандар маңынан 1200 текше метр қар шығарылды,–деп хабарлады әкімдіктен.

Бұдан бөлек, тротуарларды, тұрақ аймақтарын және әлеуметтік маңызды объектілерге кіреберістерді жинау үшін 65 шағын техника жұмылдырылды. Сондай-ақ қоғамдық көлік аялдамаларын, жаяу жүргіншілер өткелдерін, баспалдақтар мен пандустарды қолмен тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Фото: Алматы әкімдігі

Қазгидрометтің болжамы бойынша қалада қардың қалыңдығы 16 желтоқсан күні таңғы 10-ға дейін сақталады, кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Күндіз -6...-8 °C дейін суық болады деп күтілуде.

Осыған дейін Алматының коммуналдық қызметтері қардың түсуіне байланысты күшейтілген режимге көшкені туралы жазған едік.

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі