Жобаның негізгі міндеті – қаладағы барлық бейнебақылау камераларын бір платформаға біріктіріп,түрлі тапсырмаларға арналған бейнеағындарды көп мәрте пайдалану және нақты уақыт режимінде бейне талдау қалыптастыру.
Қазір мегаполисте 603 мемлекеттік және 906 жеке нысанды ББЖ-ға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың бейнекамера қосылған.
Осы жылдың екінші тоқсанда «Сергек» зияткерлік қауіпсіздік жүйесінің қосымша 300 аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды.
Айта кетейік, қалада 9034 бейнекамерадан тұратын 1641 «Сергек» кешені жұмыс істеп тұр.
Осыған дейін Алматының бейнебақылау жүйелеріне адамның бет-әлпетін тану функциясы енгізілетіні туралы жазған едік.
Осы жылы бет-әлпетті тану жүйесінің көмегімен 9 қылмыскер анықталып, ұсталған.