Алматыда бірқатар автобустың бағыттық нөмірі өзгертілді
23:30, 06 Қаңтар 2024
Алматыда бірнеше автобус маршрутының нөмірі өзгертілді. Бұл туралы Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
Нөмірлер қайталанбас үшін мына маршруттардың нөмірі өзгертілді:
№20а №58 болып өзгертілді;
№104а №139 болып өзгертілді;
№115а бағыт №136 болып өзгертілді;
№125а бағыт №143 ш болып өзгертілді (мектептегі оқу маусымы кезінде жарамды);
№133а бағыт № 144 ш болып өзгертілді (мектептегі оқу маусымы кезінде жарамды)
Өткен жылдың соңында Алматының коммуналдық автопаркіне газбен жүретін 500 жаңа автобус жеткізілді. Осылайша, қоғамдық көліктің экологиялық отын түріндегі үлесі 53%-ға жетті.