Алматыда бірнеше автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Жаужүрек, Аэродромная көшелерінің кейбір учаскесі уақытша жабылады.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Алматы-1 — Шамалған станциясы — Ұзынағаш бағытындағы автомобиль жолында (Сорбұлақ трактісі) күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, Жаужүрек және Аэродромная көшелерінде автокөлік қозғалысына уақытша ішінара шектеу енгізіледі.

Осыған байланысты № 213, № 235 және № 255 қоғамдық көлік бағыттарының қозғалыс сызбалары 16 мамырдан бастап жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін уақытша өзгереді.

№ 213
Солтүстік бағытта: Саин көшесі — Мәдениет шағынауданы арқылы батыс бағыттағы өткел — Аруана көшесі — Сорбұлақ трактісі көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта: Сорбұлақ трактісі көшесі — Аруана көшесі — Мәдениет шағынауданы арқылы шығыс бағыттағы өткел — Саина көшесі — әрі қарай сызба бойынша.

№ 235
Батыс бағытта: Сорбұлақ трактісі көшесі — Барыс көшесі — ҮАК бойымен көшесі — Саин көшесі — Сорбұлақ трактісі көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта: Сорбұлақ трактісі көшесі — Саин көшесі — ҮАК бойымен көшесі — Барыс көшесі — Сорбұлақ трактісі көшесі — әрі қарай сызба бойынша.

№ 255
Батыс бағытта: Сорбұлақ трактісі көшесі — Барыс көшесі — ҮАК бойымен көшесі — Саин көшесі — Сорбұлақ трактісі көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта: Сорбұлақ трактісі көшесі — Саин көшесі — ҮАК бойымен көшесі — Барыс көшесі — Сорбұлақ трактісі көшесі — әрі қарай сызба бойынша.

«Мәдениет» шағын ауданын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 16 мамырдан бастап № 122 бағыттың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі.

№ 122
Оңтүстік бағытта: Нұржауған көшесі — Ш. Абыз көшесі — Жезтаңдай көшесі — Талдыбұлақ көшесі — Сүлейменов көшесі — Приканальная көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта: Приканальная көшесі — Сүлейменов көшесі — Талдыбұлақ көшесі — Ағыбай батыр көшесі — Ш. Абыз көшесі — Нұржауған көшесі — әрі қарай сызба бойынша

№ 76 бағыттың қозғалыс сызбасының өзгеруіне байланысты, 16 мамырдан бастап бағыттың соңғы аялдамасы «Барлық базары» аялдамасына ауыстырылады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы бір көшеде қозғалыс уақытша шектелетінін хабарлаған едік.