Айта кетейік, түнде басталған қар тоқтаусыз әлі жауып тұр.
Осыған байланысты қалалық төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге көлігін ағаш астында қалдырмау керектігін ескертті.
«Алматыға қалың қар түсті, тұман болады. 23-27 градусқа дейін аяз болады. Сондықтан қала қонақтары мен тұрғындардан таулы жерлерге бармай, 112 қызметінің СМС-хабарламаларын, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпаратты назардан тыс қалдырмауды сұраймыз» делінген хабарламада.