Қазгидрометтің ескертуі негізінде Алматыда 8 қаңтар күні таңертең және күндіз тұман болады деп күтіледі, деп хабарлайды Kazinform.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті тұман жағдайында автокөлік жүргізушілері жолда абай болып, жылдамдықты төмендетіп, сақтық шараларын ұстануды ескертті.
«Мүмкіндік болса сапарды кейінге қалдырып, ауа-райының жақсаруын күткені дұрыс. Сондай-ақ туристер мен демалушылардан таулы жерлерде барлық қауіпсіздік ережесін сақтауды сұраймыз», - деп ескертті ТЖД-да.
Еске салсақ, Қазгидромет бүгін еліміздің кей өңірлерінде тұман, көктайғақ, қатты жел күтілетінін хабарлаған еді.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.