Алматы әкімдігінің мәліметінше, 29 наурыздан бастап жаңа арнайы техникалар қаланың барлық ауданында жүреді. Автокөліктерді аудандарға бөлу және аулау бригадаларын нақты аумақтарға бекіту аудан әкімдіктерімен жасасқан меморандумға сәйкес жүзеге асады.
«Жаңа техниканы қолдану аулау қызметі жұмысының жеделдігі мен тиімділігін айтарлықтай арттыруға, жануарларды тасымалдау жағдайын жақсартуға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және адамгершілікпен қарауға мүмкіндік береді. Басты мақсат — тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, малдан адамға жұғатын аурулардың алдын алу, Алматы қаласының аумағында қараусыз қалған жануарлардың санын азайту», — деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, Алматыда жыл басынан бері 200-ге жуық бұралқы иттің ауланғанын хабарлағанбыз.