Тергеу материалдарына сәйкес, айыпталушы жәбірленушіні аңдып, қорқыту сипатында хабарламалар жіберген, байланысқа шығуға мәжбүрлеген және оның қауіпсіздігіне қатер төндірген. Әйел Түрксіб аудандық полиция басқармасына арызданғаннан кейін қылмыстық іс қозғалған.
Сот ер адамның әрекетін заңға қайшы деп танып, оған 100 сағат көлемінде міндетті қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады.
Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Ведомство өкілі тұрғындарды қудалау, қорқыту немесе қысым көрсету фактілері болған жағдайда бірден полицияға хабарласуға үндеді.
— Сталкинг — ұсақ құқық бұзушылық емес, адамның өмірі мен қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін әрекет. Азаматтарды мұндай жағдайларға бейжай қарамауға шақырамыз. Полицияға дер кезінде жүгіну құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесуге және өз қауіпсіздігіңізді қорғауға мүмкіндік береді, — деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында әйелге бірнеше ай бойы сталкинг жасаған ер адам жазаланғанын жазған едік.