Алматыда бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты сот отырысы бесінші мәрте кейінге шегерілді

Фото: Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласы Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолмановаға қатысты сот отырысы осымен бесінші рет шегерілді. 

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған бұрынғы судья Светлана Жолманова белгісіз себептермен сот отырысына келмеді.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданарлық әкімшілік сотының судьясы Қанат Әрінов айыпталушы отырған уақытша ұстау изоляторына сауалхат жолданатының айтты.

— Светлана Жолманованың сот отырысына не себепті келмегені туралы мекемеге сауалхат жолданатын болады. Осыдан кейін сот бойынша шара қолдану туралы мәселе қаралады. Келесі сот отырысы 18 сәуір сағат 10:00–де өтеді, — деді ол.

Прокурор айыпталушының осымен сот отырысына бесінші мәрте келмегенін мәлімдеді.

Бұған дейін Бас прокуратурасы Жолманованың ісі сотқа жолданғаны туралы хабарлаған болатын.

Тергеудің мәліметінше, 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ол жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы азаматтардың 1 миллиард теңгеден астам қаражатты қолды қылған.

— Тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, олар бір іске біріктірілді. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша айыптау актісімен мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды, — деп хабарлады Бас прокуратурасынан.

Еске салайық, былтыр экс-судьясы Светлана Жолманова ұсталғаны туралы жазғанбыз

Алғаш рет алматылық судья 2021 жылы алаяқтық жасады деген күдікке ілінген