Сессия барысында депутаттар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын аурулар мен дәрілік заттар тізбесін кеңейтуді бекітті. Қосымша он әлеуметтік маңызы бар және сирек кездесетін патологиясы бар 23 пациент қымбат дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ қала көріктендіру ережелеріне толықтырулар енгізілді. Енді жауын-шашын тым көп түскенде көшелерді күшейтілген режимде күтіп-ұстау тетігі бекітілді.
– Мәселен 2024–2025 жылғы қыста Алматыда бес тәулікте қатты қар жауған (14–22 см, норма – 1,87 см). Бұл жағдайда жұмысшылар мен техниканың санын шұғыл көбейту қажеттілігі туындады. Есеп бойынша, осындай жағдай қайталанса, 4 мыңға дейін жол жұмысшысы, 200 арнайы техника және 30 жүк тиегіш қажет болады. Жалақы тек нақты орындалған жұмысқа төленеді, - деп хабарлады мәслихаттан.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда туберкулез сырқатының саны 20 пайызға азайғанын жазғанбыз.