11 қыркүйекте Ұлттық банк пен Ұлттық төлем корпорациясы қаржы секторының бірінші басшыларын, топ-менеджерлерін және саланың жетекші сарапшыларын Central Asia Fintech Summit (CAFS) алаңында жинайды.
Алматыдағы «Целинный» заманауи мәдениет орталығында өтетін ауқымды іс-шараның басты тақырыбы — «Сенім дәуірі: алдағы онжылдықтағы қаржы нарығы қандай болмақ».
Алдағы саммиттің бағдарламасы цифрлық экономиканың негізгі сын-қатерлері мен макротрендтеріне арналған. Ірі қаржы институттарының, финтех-компаниялардың басшылары мен мемлекеттік сектор өкілдері индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын, жаңа буын төлем жүйелерінің болашағын және цифрлық қаржының трансшекаралық мүмкіндіктерін талқылайды.
Ұйымдастырушылар бүгіннің өзінде нарық архитектурасын өзгертіп жатқан технологиялық инновацияларға ерекше назар аударып отыр. Пікірталас панельдері барысында сарапшылар жасанды интеллектіні нақты экономикада тәжірибелік тұрғыдан қолдану жолдарын және қадағалау технологияларының эволюциясын қарастырады.
Саммиттің негізгі тақырыптарының бірі цифрлық қаржы активтері саласындағы жаһандық бәсекелестік пен алаяқтықтан қорғаудың ұжымдық жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылау болады. Бұл -заманауи қаржы технологияларына деген сенімді нығайтатын маңызды негіз.
CAFS 2026 алаңында өңірдің финтех-экожүйесін кеңейтуге бағытталған жаңа стратегиялық бастамалар ұсынылып, цифрлық экономиканы қорғау және инклюзивті технологиялық қоғамдастықтарды дамыту саласындағы индустрияның айрықша жетістіктері атап өтіледі.
Айта кетелік әйел көшбасшылардың әлемдік саммиті Астанада өтуі ықтимал.