Алматыда демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Алматыда 21-22 қазан күндері сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін мегаполиске іргелес жатқан аудандардан 65 шаруа қожалығының қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабаарлайды Kazinform. 

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңкеде 40-тан астам өнім (ет, сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майы және т.б.) ұсынылады.

«Өнімнің жалпы көлемі – 200 тонна, оның ішінде ет – 35 тонна, жеміс, көкөніс – 120 тонна, сүт – 15 тонна, балық – 5 тонна, өзгелері - 25 тонна», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жәрмеңке Шевченко көшесі бойында (Қонаев көшесімен қиылысатын тұстан бастап, Пушкин көшесімен қиылысатын тұсқа дейінгі аралық), «Шоқан Уәлиханов» алаңында өтеді.