«Денис Тен ескерткішіне вандализм жасады деген күдікке ілінген тұлға ұсталды. Ол психоневрология есебінде тұрған алматылық екені анықталды. Қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады департаменттен.
Ведомство өкілдері ұсталған адам Психикалық сауықтыру орталығына орналастырылғанын атап өтті.
Алматыдағы қазақстандық спортшыға арналған ескерткіш 2019 жылы маусымда қойылған болатын.
Еске сала кетейік, Денис Тен былтыр 19 маусым күні қаза тапты. Пышақтан ауыр жараланған белгілі спортшы ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған еді.