Алматыда діни экстремистік әдебиеттерді таратқан шетелдік ұсталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда полицияның арнайы жасағы шетелдік азаматты ұстады.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оның діни жоралғылармен айналысқаны және Қазақстанда тыйым салынған экстремистік ұйымның идеологиясының белгілері бар діни материалдарды таратқаны анықталған.
— Рұқсат етілген тінту кезінде тергеуге қатысы бар заттар мен материалдар тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан деструктивті діни идеологияны таратуға бағытталған кез келген іс-әрекеттерге тосқауыл қойылады, — деді Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда тыйым салынған діни әдебиеттер тізімі қаншалықты жасалуы мүмкін екенін жазғанбыз.