Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші әлеуметтік желілерде жариялау үшін қала көшелерінің бірінде дрифт жасаған. Полиция қызметкерлері оны анықтап, автокөлікті арнайы айыппұл тұрағына қойды.
- Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Мұндай көрсетілім үшін жасалатын әрекеттердің салдары ауыр болуы мүмкін. Әрбір құқық бұзушылыққа міндетті түрде құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылады, — деді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Айдар Нағашыбеков.
Еске салайық, былтыр Алматыда қаланың қақ ортасында дрифт жасаған жүргізуші 10 күнге қамалған болатын.