Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 16 қараша таңғы сағат 5:20-шамасында Түрксіб ауданында болды.
«Бекмаханов көшесінде екі автобус пен Chevrolet көлігі соқтығысты. Екі автобустың жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді. Басқа зардап шеккендер жоқ.Түрксіб ауданының полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.
Алматының қоғамдық көліктері соңғы 4 жылда мыңға жуық мәрте жол апатына ұшыраған.