Алматыда екі автокөлік өртеніп кетті
04:21, 26 Тамыз 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының Жетісу ауданында екі автокөлік өртке оранды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаменті.
Бүгін өрт сөндіру бөлімшелері Айнабұлақ-4 шағынауданына жіберілді. Оқиға орнына жеткен кезде шамамен 10 шаршы метр аумақта екі автокөліктің ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.
- Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт толығымен сөндірілді, - делінген ақпаратта.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Айта кетейік, Алматының Медеу ауданында жеке үй өртенді.