Алматыда екі көлік соқтығысып, бес адам жараланды
13:52, 18 Қазан 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда екі көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті.
Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты сағат 04:20 шамасында Әуезов ауданында болған.
– BMW көлігінің жүргізушісі Сайын көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, жолақты ауыстыратын кезде қатар келе жатқан Chevrolet автокөлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін екпінмен BMW көлігі ағашқа барып соғылды, - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Апат салдарынан екі жүргізуші мен BMW көлігіндегі үш жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Қазір оқиғаның мән-жайын Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.
Бұған дейін Алматы облысында екі көлік соқтығысып, екі адамның қаза тапқанын хабарланғанбыз.