Кеден қызметі мен құқық қорғау органдарының жедел әрекетінің арқасында контрабандалық схема дер кезінде анықталған.
Сотта мемлекеттік айыптаушы күдіктінің кінәсін дәлелдейтін толық дәлелдемелерді ұсынып, қылмыстың барлық мән-жайы расталды. Нәтижесінде сот шетелдік азаматты 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Көлік прокуратурасы әуежайлар арқылы есірткі жеткізуге әрекет жасайтындардың барлығы қатаң түрде жауапқа тартылатынын атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 800-ге жуық есірткі таратқан Telegram-арна мен интернет-дүкен бұғатталғанын хабарлағанбыз.