Әлеуметтік желіде ер адамның әйел жүргізушіге күш көрсетпек болған бейнежазбасы тарады. Алайда бейнероликтен өзге азаматтардың әйелге араша түскенін көруге болады.
- Рысқұловтағы Магнум автотұрағы. Қызды әрең арашалап қалдық… ұрып, тағы тістеп алған, - делінген бейнеролик астындағы жазбада.
Аталған жағдайға байланысты түсініктеме берген қалалық Полиция департаменті тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
- Аталған дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады, - деп хабарлады департаменттен.
Айта кетейік, Алматыда балалар жыл басынан бері 623 жол-көлік оқиғасына ұшыраған.