Жантүршігелік оқиға бұқаралық ақпарат құралдарында тарады.
Онда Алматыдағы емхананың темекі шегетін бөлмесінде әйелге бұрынғы күйеуі шабуыл жасап, оны 8-10 мәрте пышақтағаны айтылған.
Алматы полиция департаменті аталған деректі растады.
«Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы бұл істі ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы (қылмысқа оқталу) және 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша тергеп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тиісті тергеу шаралары жүріп жатыр.