Оқиға туралы ақпарат полицияға жолдан өтіп бара жатқан тұрғыннан түскен.
Жедел жеткен арнайы жасақ қызметкерлері қолында пышағы бар, эмоциялық күйзеліс жағдайындағы ер адамды анықтады. Ол өз әрекетінің себебін түсіндіре алмаған.
Полиция департаменті дер кезінде хабар берген тұрғындарға алғыс айтып, азаматтарды өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін кез келген жағдай туралы «102» нөміріне дереу хабарлауға үндеді.
Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайында 33 жастағы тұрғынның өзін өртемек болған әрекетіне байланысты басталған қылмыстық тергеу тоқтатылғанын хабарлағанбыз.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Алайда ер адам ауруханадан шыққаннан ешкімге шағымы жоқ екені туралы жазбаша өтініш берген.