Ботаникалық бақ мәліметінше, скумпия «парик ағашы» деген атаумен де белгілі. Ол — Anacardiaceae тұқымдасына жататын бұта. Табиғи жағдайда Батыс Еуропада, Балқан түбегінде, Түркияда, Кавказда, Қытайда және Үндістанда кездеседі.
— Скумпияның басты ерекшелігі — оның сыпыртқы тәрізді гүлшоғырлары. Ағаш гүлдеген соң олар ауадай жеңіл, үлпілдек болады, парикке ұқсайды. Жазда өсімдік тұман сияқты әсер береді, ал күзде жапырақтары сарыдан қанық қызыл түске дейін өзгеріп, жылы реңкке боялады, — деп жазды бақтың баспасөз қызметі.
Скумпияның тағы бір ерекшелігі — оның жапырақтарында маталарды сары және қызғылт-сары түске бояуға қолданылатын табиғи бояғыш физетин бар. Сондай-ақ бұл өсімдіктің әртүрлі бөліктері дәстүрлі медицинада қолданылады.
Еске салайық, 1 маусым күні Қызылордада ботаникалық бақ пайдалануға берілді.