Алматыда ескі көпқабатты үйлер жаңартылып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Түрксіб ауданында ескі үйлер — аудандағы ең өзекті мәселенің бірі. Мұнда барлық көпқабатты үйлердің жартысы тозған. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты.

Фото: Pixabay

Шаһар басшысының сөзінше, Түрксіб ауданындағы 1247 ескі тұрғын үйдің 586-на жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Былтыр 5 көппәтерлі үй қолданысқа берілді.

Оған жақын маңдағы тозығы жеткен үйлердің 121 тұрғыны қоныс аударды.

«Биылғы жылдың екінші тоқсанында тағы 13 үйдің құрылысы аяқталады. Сондай-ақ „Алтай-2“ шағын ауданында жеке құрылыс салушы 54 үйді қайта жаңартуды жоспарлап отыр», — деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда 43 пәтерлі 6 үй сатып алынып, екі тоғыз қабатты үйдің құрылысы басталғанын атап өтті.