– Есірткі граффитиін қолдану 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қылмысы екенін еске салған жөн. Азаматтар мұндай жағдайлар туралы «102» нөмірі бойынша хабарлауы тиіс. Соңғы айларда есірткіні жарнамалаудың 191 фактісі тіркелді және 3 мыңнан астам сайт жабылды. Тыйым салынған заттарды насихаттауға белсенді қатысқан 1 500 Telegram арна жойылды, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылғанын жазған едік.