Жәрмеңке Шевченко көшесінің Пушкин мен Қонаев көшелері аралығындағы бөлігінде өтеді.
Мұнда 100 тоннадан астам ет өнімдері мен 50 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері саудаға шығарылады. Олардың қатарында көкөністер, сүт және балық өнімдері, шұжық өнімдері мен бал бар.
Жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Абай облыстарының өндірушілері қатысады.
– Өнім бағасы нарықтағы орташа бағадан 10-15%-ға төмен болады. Жәрмеңкенің басты мақсаты – отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынушыларға тікелей жеткізуді дамыту және қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деп мәлімдеді ұйымдастырушылар.
«Соғым FEST» жәрмеңкесі екі күн бойы сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Айта кетейік, 21-22 қарашада Астанада да «Соғым-FEST» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Елордадағы үш сауда алаңында отандық фермерлер ет пен басқа да азық-түлік өнімдерін делдалсыз сатады.