Алматыда фотосессия кезінде оқушы өзенге құлап кетті

Фото: Фото: Алматы құтқару қызметі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Төтенше жағдай Аюсай шатқалы аумағында болған. 

Алматы құтқару қызметінің (109) мәліметінше, сағат 15:35 шамасында Аюсай шатқалы аумағында фотосессия ұйымдастырған мектеп оқушыларының бірі Проходная өзеніне құлап кеткен.

— 18 оқушы мен сынып жетекшісі су жағасында фотосессия өткізіп жатқан сәтте, 9-сыныпта оқитын қыз тайып, суға түсіп кеткен. Оқиға орнына дереу Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушылары аттанды. Сағат 15:56–да, құлап кеткен жерден шамамен 500 метр төмен, бөгеттің алдында оқушы судан шығарылды, — деп хабарлады Алматы құтқару қызметі.

Фото: Алматы құтқару қызметі

Құтқарушылар алғашқы медициналық көмекті оқиға орнында көрсетіп, зардап шеккен оқушыны жедел жәрдем бригадасына тапсырған.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тауларында адасып кеткен екі турист құтқарылғанын жазғанбыз.