Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен азаматтар Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
— Барлық қажетті тексерулерден кейін оларға жұмсақ тіндердің көгеруі диагнозы қойылды. Науқастардың жағдайы тұрақты, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ. Тексеруден кейін олар амбулаториялық емдеуге жіберіледі, — деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.
Еске салайық, бүгін Алматы қаласында Байзақов және Бұхар жырау көшелерінің қиылысында газ құбыры жарылды.