Алматыда газбен жүретін қоғамдық көліктердің үлесі 53%-ға жетті
Алматының коммуналдық автопаркіне газбен жүретін 500 жаңа автобус келді, деп хабарлайды Kazinform.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жазда жолға 100 газбен жүретін жаңа автобус шықты. Қазір тағы 500 автобус рәсімделді.
«Олар жолаушылар ең көп жүретін маршруттарға шығады. Мысалы, 2024 жылдың қаңтарында №63, №28, №14, №92, №120, №120А, №79, №50 және тағы басқа бағыттарды күшейту жоспарда»,- деп хабарлады әкімдіктен.
Бұған қоса, троллейбус паркіне 100 троллейбус сатып алынды, қазір олар жолаушыларды тасымалдап жүр.
«Сондай-ақ жеке тасымалдаушылар тұрақты негізде жаңа көліктерді сатып алуда, биыл 550 автобусқа арналған жылжымалы құрам жаңартылды. Осылайша, 2023 жылдың соңына қарай қоғамдық көліктің экологиялық отын түріндегі үлесі 53%-ға жетті»,- делінген хабарламада.