Алматыда грек-рим күресінен Қазақстан кубогының алғашқы жеңімпаздары белгілі болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласында күрес түрлерінен Қазақстан кубогы жарысы басталды.

Фото: ҰОК

Бірінші жарыс күнінде грек-рим күресі бойынша балуандар бес салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

55 келіге дейінгі салмақта:

1. Алпамыс Дастанбек (Қызылорда облысы)
2. Арсен Жұма (Ақтөбе облысы)
3. Марлан Мұқашев (Астана)
3. Ерасыл Мұсан (Шымкент)

67 келіге дейінгі салмақта:

1. Бағдат Сабаз (Астана)
2. Ержет Жарлықасын (Жамбыл облысы)
3. Дінмұхамед Қошқар (Жамбыл облысы)
3. Динислам Сағитжан (Ақтөбе облысы)

72 келіге дейінгі салмақта:

1. Мәди Данелов (Алматы облысы)
2. Данияр Қаленов (Солтүстік Қазақстан облысы)
3. Мерей Бекенов (Шығыс Қазақстан облысы)
3. Әділхан Сатаев (Шымкент)

87 келіге дейінгі салмақта:

1. Шамиль Ожаев (Алматы)
2. Тимур Оспанов (Қостанай облысы)
3. Нұрсұлтан Тұрсынов (Ақмола облысы)
3. Ислам Евлоев (Солтүстік Қазақстан облысы)

130 келіге дейінгі салмақта:

1. Олжас Сырлыбай (Қызылорда облысы)
2. Әлімхан Сыздықов (Шымкент)
3. Әлішер Ерғали (Жамбыл облысы)
3. Асылбек Жәнібекұлы (Ақтөбе облысы)

Айта кету керек, Қазақстан кубогының қорытындысы бойынша алдағы халықаралық жарыстарға қатысатын ұлттық құраманың тізімі жасақталады. 

Бұдан бұрын Қазақстан құрамасы дзюдодан Грузиядағы Еуропа кубогын бес медальмен аяқтағанын жазған едік.