Желіде грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы Алмат Кебіспаев жігітті ұрып құлатқаны туралы ақпарат шықты.
Видеодағы жазбада грек-рим күресінен Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы, әлем чемпионаттарының жүлдегері Алмат Кебіспаев сауда орталығындағы балалар ойын-сауық алаңында бес баланың әкесін ұрып құлатқаны жазылған.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 6 қыркүйекте Бостандық аудандық полиция басқармасына 1986 жылы туған М.есімді азамат 1987 жылғы К.есімді азаматқа қатысты арызданған.
"Аталған дерек ҚР ҚК-нің 73-1 бабы 1 бөлігімен тіркелді.
М.есімді азаматтың алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптамалық зерттеудің қорытындысын алған соң материал шешім қабылдау үшін Алматы қаласындағы МАӘС-на жіберілетін болады", - деп хабарлады қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.