Айтуынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша инватакси қызметтерін ұсыну бойынша пилоттық жоба қолға алынған кезде автомобильдер саны 64-тен 100-ге дейін ұлғайтылды. Мұндай шара арнайы көліктердің жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді.
Қала басшысының орынбасары Алматы әкімдігі ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне агрегаторлар бөлігінде инватакси қызметтерін ұсыну қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бастамашылық хат жолданғанын айтты.
«Қазір такси агрегаторларының әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жіберілген қызметтерді ұсынуы мүмкін емес, осыған байланысты қолданыстағы әлеуметтік тапсырыстар арқылы қызметтерді ұсынуды қосымша пысықтауға тура келеді», - деп нақтылады Әсем Нүсіпова.