Алматыда «Jas Camp 2024» жастар лагері ашылды

Фото: Алматы қаласы жастар саясаты басқармасы

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Қала күні қарсаңында Алматы жастарының басын қосқан «Jas Camp 2024» лагерінің ашылу салтанаты өтті. Биыл қатысушылардың ішінде белсенді жастар, волонтерлер және NEET санатындағы жастар бар.

Биыл лагерь Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Ақбұлақ» тау-шаңғы курортында ұйымдастырылды.

Фото: Алматы қаласы жастар саясаты басқармасы

«Жастарымызды әлеуметтендіру үшін Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы түрлі жобаларды жүзеге асырып жатыр. Мысалы биыл жастарға арналған қала денгейінде 1000-нан аса экологиялық, тегін курстар, мәдени және спорттық шаралар өтті. Атап айтсақ, «IQ-ALA jastary», «Jas GALA», Жас сарапшылар мен пікірсайысшылар клубы, «Тәуелсіздік ұрпақтары», «ALMA CUP», «Youth Nomad» және т.б. Бұл жобалардың барлығы жастарды қаланың мәдени-қоғамдық өміріне тартып, олардың жеке дамуына ықпал етіп және бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған. Сондай ерекше жобалардың бірі - «JAS CAMP», - деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Фото: Алматы қаласы жастар саясаты басқармасы

Ұйымдастырушылардың айтуынша, лагерь 5 күнге созылмақ. Бүл күндері қатысушыларға түрлі шеберлік сабақтары мен тренингтер ұйымдастырылады. Спикерлер ретінде мемлекеттік орган қызметкерлері, бизнес, білім беру, журналистика және спорт саласының мамандары шақырылған.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Қала күнінде қайда баруға болатынын жазғанбыз.

Фото: Алматы қаласы жастар саясаты басқармасы
Фото: Алматы қаласы жастар саясаты басқармасы