Алматы әкімдігінің мәліметінше, негізгі іс-шаралар Астана, Абай алаңында, Панфилов және Жібек жолы жаяу жүргіншілер көшелерінде, «Алатау» дәстүрлі өнер театры алаңында өтеді.
Мерекелік бағдарлама қаланың барлық ауданын қамтып, 8 ауданда да мерекелік алаңдар мен аудандық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Қыркүйек айы бойы Алматыда Қала күні аясында 300-ге жуық мәдени, спорттық, ойын-сауық және өзге де мерекелік іс-шара өткізу жоспарланған.
Абай алаңы
19-20 қыркүйекте Абай алаңында Қала күніне арналған ауқымды «Otbasy Fest» мерекелік бағдарламасы өтеді.
Сонымен қатар бірнеше тақырыптық аймақ жұмыс істейді. Атап айтқанда, «Алма аймағы», «Шеберлер қалашығы», балалар аймағы, «AI & ROBOT ZONE», крафтойындар аймағы және фуд-корт қарастырылған.
19 қыркүйек
11:00-12:00 — «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын табыстау рәсімі.
12:00-13.30 — «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің «Алматым жүрегімде» концерттік бағдарламасы.
13:30-15:00 — Қазақ мемлекеттік циркінің бағдарламасы.
15:00-16:00 — «ASU» фольклорлық этнографиялық ұжымының «Алматы әуені» концерттік бағдарламасы.
16:00-17:50 — «Алатау» дәстүрлі өнер театрының «Ару қала — Алматы» концерттік бағдарламасы.
18:00-18:30 — DJ бағдарламасы
18:30-19:00 — Ratovich концерттік бағдарламасы.
19.15-21:30 — «Best of NE PROSTO ORCHESTRA» концерттік бағдарламасы.
20 қыркүйек
12:00-13:00 — Медеу ауданы әкімдігінің «Алматы, менің Алматым» концерттік бағдарламасы
13:00-14:00 — «Алатау» дәстүрлі өнер театрының «Ән тербеген Алматы» концерттік бағдарламасы.
14:00-15:00 — DJ бағдарламасы
15:00-17:00 — Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының «Жырлайды Алматы» концерттік бағдарламасы.
17:00-18.00 — А. Әшімов театрының «Алматы — махаббатым» музыкалық спектаклі.
18:00 -19:00 — DJ бағдарламасы
19:00-19:40 — «D Billions» музыкалық бағдарламасы.
19:50-22:00 — Алматы әуендері солистерінің «Ән қанатым — Алматы» концерттік бағдарламасы.
Астана алаңы
19 қыркүйек
11:00-17:00 — мерекелік концерттік бағдарлама. Жүргізушілер: Дидар Кәден, Шапағат Ерғазина.
18:00-22:00 — «Almaty Vibes» музыкалық фестивалі. Жүргізушілер: Dake ZZ, Анара Батырхан.
20 қыркүйек
18:00-22:30 — «Almaty Zhuldyzy» музыкалық фестивалі. Жүргізушілер: Ғалымжан Кеңшілік, Балауса Ерғалина.
Сахнада: Азамат Төрехан, Amalyat, RAY, Жасұлан Көпберген, Дана Кентай, Baxa SM, Еркеш Хасен, Kesh You тобы, ILHAN, Айжан Нұрмағамбетова, Дос-Мұқасан ансамблі, Роза Рымбаева, Ялла тобы. Кеш хэдлайнері DJ IMANBEK.
Панфилов жүргіншілер көшесі
19-20 қыркүйек күндері Панфилов алаңында балалар аймағы, балалар этноаймағы, экоаймақ, киноаймақ, Digital аймақ, спорт аймағы және Food Court аймағы жұмыс істейді.
Сонымен қатар Панфилов алаңында«Alma Qala Fest»фестивалі екі күн қатарынан ұйымдастырылады. Фестиваль аясында 200 тоннадан астам апорт алмасы сатылады.
19 қыркүйек
11:00-18:00 — Мерекелік концерттік бағдарлама (Т. Жүргенов атындағы академия алаңы).
20 қыркүйек
11:00-18:00 — Мерекелік концерттік бағдарлама (Т. Жүргенов атындағы академия алаңы).
Жібек жолы жаяу жүргіншілер көшесі
19 қыркүйек
12:00-18:00 — мерекелік концерттік бағдарлама.
20 қыркүйек
12:00-18:00 — мерекелік концерттік бағдарлама.
Сонымен қатар 19-20 қыркүйек күндері Жібек жолы алаңында дәстүрлі «Kitap Fest» кітап фестивалі ұйымдастырылады. Фестиваль аясында 50-ден астам баспа үйі мен кітап дүкені қатысып, өздерінің кітап өнімдерін ұсынады.
«Алатау» дәстүрлі өнер театры алаңы
12 қыркүйек
18:00-19:30 — «Ән Алматы» мерекелік концерттік бағдарлама.
19 қыркүйек
19:00 — «Ән мен күйдің бесігі» атты мерекелік концерт.
20 қыркүйек
19:00-20:30 — «Алатау» дәстүрлі өнер театрының «Алматыға махаббатпен» мерекелік концерттік бағдарламасы.
Алатау ауданы
20 қыркүйек сағат 17:00–19:00 аралығында Алатау дәстүрлі өнер театры алдындағы алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздарықатысатын Алатау ауданының мерекелік концерттік бағдарламасы.
Алмалы ауданы
19 қыркүйек сағат 14:00 — Қала күніне арналған мерекелік концерт (Сайран көлінің шығыс жағалауы). Іс-шара бағдарламасында: концерттік-ойын-сауық бағдарламасы, спорттық аймақ жұмысы, қолөнершілер көрмесі, фуд-зона және балалар аймағы қарастырылған.
Әуезов ауданы
19-20 қыркүйек күндері Шаляпин көшесі, 22 мекенжайында, Н. Сац атындағы театрдың орталық кіреберісі алдындағы алаңда Алматы күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді.
19 қыркүйекте сағат 12:00–ден 20:00–ге дейін балаларға арналған «Тәтті алма» шығармашылық байқауы, «I Love Almaty» мерекелік аудандық концерті және «Jas Vibe» жастар шығармашылық концерті ұйымдастырылады.
20 қыркүйекте сағат 12:00–ден 17:00–ге дейін «Сағындым Алматымды» ретро-концерті және «Жасай бер, әсем қала — Алматым!» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтеді.
Бостандық ауданы
19 қыркүйекте сағат 11:00–ден 20:00–ге дейінӘл-Фараби даңғылы мен Дулати көшесінің қиылысындағы Flow Park аумағында Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді. Бағдарламада ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, балалар суреттерінің көрмесі, «JasFest» жәрмеңкесі, «Самғау» орталығының дарынды тәрбиеленушілерінің өнер көрсетуі, артистердің қатысуымен концерт, DJ-сеттер және қала тұрғындары мен қонақтарына арналған өзге де ойын-сауық шаралары бар.
Жетісу ауданы
19 қыркүйек күні сағат 09:00–ден 17:00–ге дейін Омаров көшесі, 10а мекенжайында орналасқан Алматы ипподромында ауқымды мерекелік іс-шара өтеді.
Бағдарламада ат жарысы, қазақстандық эстрада өнерпаздарының концерті, мерекелік сауда, қолөнершілер шеберлерінің жәрмеңкесі, ұлттық ойындар мен спорттық сайыстар, этноөнер ұжымдарының өнер көрсетуі, сондай-ақ «Қала күні» және «Ұлы дала ойындары» тақырыптық фотоаймақтар қарастырылған.
Іс-шара аясында «Ұлы дала ойындарының» ашылу рәсімі өтіп, көкпар, құнан бәйге, жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ, аламан бәйге және басқа да ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады.
20 қыркүйек күні сағат 16:00–де Гүлдер паркінде Қала күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама, 17.00-де кинокеш ұйымдастырылады. Тұрғындар мен қала қонақтарына мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұсынылып, мерекелік концерт өтеді.
Медеу ауданы
12 қыркүйек сағат 09:00 — «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы.
15 қыркүйек, сағат 09:00 — 7–11 сынып оқушылары арасында Медеу ауданы әкімінің кубогы үшін футболдан жарыс. Өтетін орны — ЦСКА.
17 қыркүйек, сағат 11:00 — Алматы қаласы күні қарсаңында дүниеге келген сәбилердің аналарын құттықтау іс-шарасы. Өтетін орны — № 2 перзентхана.
19 қыркүйек, сағат 09:00 — аудан оқушылары арасында өткен «Менің Алматым» қолданбалы өнер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі. Өтетін орны: Пушкин аллеясы
19 қыркүйек, сағат 11:00 — «Гүлденген Алматы!» мерекелік концерті. Өтетін орны — Мақатаев және Пушкин көшелерінің қиылысы.
19 қыркүйек, сағат 18:00–ден кейін — Терренкур аумағында ашық аспан астында 2-3 фильм көрсетілімі.
Наурызбай ауданы
18-20 қыркүйек, сағат — «Alma-Fest Circus» атты Қазақ мемлекеттік циркінің көшпелі шапито цирк бағдарламасы (№ 221 ЖББМ алаңы).
19 қыркүйек, сағат — «Алматы — менің жүрегімде» атты мерекелік концерт (№ 221 ЖББМ алаңы).
19-20 қыркүйек, сағат — Кинокеш (Шұғыла 347, Амфитеатр алаңы).
19 қыркүйек, сағат — «Алматының алмасы-ай!» атты алмадан жасалған түрлі шығармашылық формалар көрмесі (Шұғыла 347, Амфитеатр алаңы).
Түрксіб ауданы
19 қыркүйек, сағат 11:00–16:00 аралығында С. Сейфуллин атындағы саябақта (Шолохов көшесі мен Щербаков көшесінің қиылысы) Қала күніне арналған аудандық мерекелік іс-шара өтеді.
20 қыркүйек — Сауранбаев көшесіндегі жүргіншілер аймағында интерактивті бағдарлама ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына алма ұсынылады. Сондай-ақ караоке мен ашық аспан астындағы кино көрсетілімі өтеді.
Онымен қоса Қала күніне орай қала музейлерінде түрлі тақырыптық көрмелер, театрларында жаңа қойылымдардың премьерасы мен спектакльдер, цирктік бағдарламалар болады.
Ал мәдени және білім мекемелерінде мерекеге орай ұйымдастырылған байқаулар, экологиялық акциялар, қайырымдылық акциялар және спорттық іс-шаралар өтеді.
Еске салайық, Алматыда қала күніне 3D шоу ұйымдастыруға 200 млн теңге жұмсалатынын жазғанбыз.