Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдері хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында нысанда рұқсат құжаттарының жоқтығы анықталған. Осыған байланысты меншік иесіне әкімшілік шара қолданылып, іс сотта қаралды.
— 2026 жылы 11 ақпанда Алматы сотының ұйғарымымен нысанды бұзу туралы шешім өзгеріссіз қалдырылды, — делінген хабарламада.
Сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі нысанды өз күшімен бұзды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда құрылысы аяқталмаған 5 қабатты ғимарат бұзылып жатқанын хабарлаған едік.