Алматыда кәмелетке толмаған жасөспірім колониядан қашпақ болды

Фото: ҚАЖ

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда сотталған жасөпірім колониядан қашпақ болды.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің мәліметінше, кәмелетке толмаған сотталушыларға арналған мекемеден қашу әрекеті тоқтатылған.

- Сотталған адам жедел түрде ұсталды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды, - деп хабарлады ҚАЖК.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында айыпталушы сот залынан қашып кеткенін жазғанбыз. Оған адам зорлады деп күдік келтіріліп отырған.

 

Күдікті 13 күннен Ақши ауылында ұсталды.