Алматыда Канье Уэст концерті бір күнге шегерілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда америкалық әнші, продюсер YE концерті ертеңге ауыстырылды.

Фото: Kazinform

Канье Уэст немесе YE концерті бүгін, 14 тамыз сағат 21:00–де өтуі тиіс еді. Алайда ауқымды шоудың басталуына санаулы минуттар қалған кезде ұйымдастырушылар концерт 1 күнге шегерілгенін хабарлады. Бұл шешім қауіпсіздік мақсатында қабылданған.

Фото: Kazinform

Еске салайық, жанкүйерлер үшін Орталық стадион есіктері сағат 16:00–ден бастап ашылды. Концертке бірнеше сағат қалғанда Алматыда қатты жауын-шашын болды.

Сондай-ақ бүгін Алматы мен Алматы облысының басым бөлігінде жарық өшті.

Соның салдарынан Алматының барлық қызметтері күшейтілген режимге көшті.