Мыңдаған тыңдарман жиналатын іс-шараға байланысты қалада стадион маңындағы бірнеше көшені жабу жоспарланған. Бұл туралы концерт ұйымдастырушылары First Media Group хабарлады.
Атап айтқанда:
- Абай даңғылы Мұқанов көшесінен дейін Сейфуллин даңғылына дейін;
- Сәтбаев көшесі Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылынан дейін;
- Байтұрсынов көшесі Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін жабық болады.
Аталған көше учаскелерінде көлік қозғалысы 14 тамыз күні сағат 16:00–ден 00:00–ге дейін шектеледі.
Еске салайық, 14 тамыз сағат 21:00–де Алматының Орталық стадионында Канье Уэст концерт өткізеді.
Бұған дейін Алматыда әлемдік жұлдыздың концертіне дайындық қалай жүріп жатқанын жазғанбыз.
Сондай-ақ Алматы полициясы Канье Уэст концертіне байланысты ескерту жасады.