«Былтыр БЦЖ вакцинациясымен жаңа туған балалардың 88,3% қамтылды. Алайда нәрестелердің 11,7%-ы вакцина алмады. Оның 3,8%-ы жеке сенімі бойынша егуден бас тартса, 7,8 пайызында медициналық қарсы көрсетілімдері болған», - дейді спикер.
Емханалар деңгейінде балаларды вакцинациялау жұмыстары жалғасып жатыр. 2023 жылы медицина мекемелерінде 920 бала вакцинацияланды, бұл - егілмеген сәбилердің жалпы санының 3,8 пайызы.
Маманның айтуынша, бүкіл әлемде туберкулез инфекциясының жасырын түрін емдеу жүргізіледі. Алайда, көптеген ата-ана балалардағы жасырын туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеуден бас тартады. Бұл, әсіресе туберкулезбен ауыратын және аурудың белсенді түрінің даму қаупі жоғары балаларға қатысты.
«Профилактикалық емдеу туберкулездің кең таралған және ауыр түрлерінің даму қаупін азайтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы туберкулезді профилактикалық емдеу ауқымын ең қауіпті популяциялар арасында, соның ішінде күнделікті өмірде туберкулезбен ауыратын адамдармен, АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдармен және иммунитеті төмендеген басқа адамдар арасында арттыруды ұсынады», - деді Жанар Сәпиева.