Сот мәліметіне сәйкес, айыпталушы биліктің өкілі бола отырып, өзінің құқықтары мен өкілеттіктерінен тыс әрекеттер жасаған. Әубәкіров іс-әрекетінің нәтижесі екі жәбірленушінің өліміне алып келген.
Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамады.
- Сотталушының кінәсі сараптамалардың қорытындыларымен, куәгерлердің, сарапшылардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарап-тексеру хаттамаларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді. Сотталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол әскери атағынан айырылды және жәбірленушінің пайдасына 20 миллион теңге моральдық залал өндірілді, - деп хабарлады соттан.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Қаңтарда 4 жасар Айкөркемді атты деп айыпталған әскери 7 жылға сотталғанын жазғанбыз.