АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматының Бостандық ауданында өздігінен қар көшкіні жүрді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.
«Түскен қар массасының көлемі 5000 текше метрді құрады. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қираған нысандар болған жоқ», - делінеді ТЖМ хабарламасында.
Төтенше жағдайлар министрлігі өңірде көшкін қаупі сақталатынын, сондай-ақ, азаматтарды таулы жерлерге бармауға шақырды.
Еске салсақ, Алматы облысының тауларында 15 – 18 сәуір күндері қар көшкіні жүру қаупі сақталатыны туралы жазғанбыз.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.