Бүгін түскі сағат 14:00-ден бастап Алматы қаласында сілбі қар жауа бастады.
«Көктайғақтың алдын алу үшін 47 патрульдік бригада, 386 бірлік арнайы техника және 1120 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Қардан тазартылатын көше-жол желісінің жалпы алаңы 25 млн шаршы метр, сондай-ақ 3 339 аула аумағы бар»,- деп хабарлады әкімдіктен.
Көшені қардан тазалау жұмыстары кестеге сәйкес, тәулік бойы екі аусымда жүргізіледі.
«Қысқы кезеңде қарды жинауды «Алматы Тазалық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, сондай-ақ 9 жеке компания жүзеге асырады. Қар күреу жұмыстары жолдарда, жаяу жүргіншілер аймақтарында, ортақ кеңістіктерде, жер үсті өткелдері мен тротуарларда, велосипед жолдарында, қоғамдық көлік аялдамаларында жүргізілуде»,- деп атап өтті әкімдіктен.