Алматыда қар жауады: коммуналдық қызметтер қауіпсіздік шараларын күшейтті

АЛМАТЫ.KAZINFORM – Алматылықтарға қар жауатыны туралы ескертілді.

Фото: Алматы әкімдігі

«Қазгидрометтің болжауынша, жауын-шашын 8 қарашаға дейін үзіліспен жауады.Түнгі уақытта ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендеп, 6-7 қараша аралығында қар жауады.

Коммуналдық қызметтер көктайғаққа қарсы жұмыстарды жедел жүргізуге дайын.Бұл жұмысқа 490 техника мен 1120 жұмысшысы жұмылдырылды. 

Фото: Алматы әкімдігі

«Жолда көктайғақ болуы мүмкін, сондықтан жүргізушілер жылдамдықты азайтып,көлік арақашықтығын сақтап,шұғыл бұрылмауы керек,өйткені апат қаупі жоғарылайды.Жаяу жүргіншілер де тротуарларда жұқа мұздың пайда болу қаупіне байланысты абай болуы қажет», – делінген хабарламада.

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі