Мәлім етілгендей, Қарасай батыр көшесінің Шәріпов көшесінен Мұқанов көшесіне дейінгі аралығындағы жолға орташа жөндеу жүргізіледі. Осыған байланысты 23 -25 шілде күндері аталған учаскелерде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.
Алматы тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
«Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады», – деп хабарлады әкімдіктен.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.