Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, күдіктіге қатысты бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ер адам кем дегенде бес адамды алдады деген күдікке ілінді.
«Заңсыз әрекеттер баспанаға мұқтаж бірнеше азаматтың ірі көлемдегі ақшасын жоғалтқан кезде белгілі болды. Олар өзін қайырымдылық ұйымдарының бірінің қызметкерімін деп таныстырған бейтаныс адамға 7 миллион теңге берген. Қаскөй оларға қайырымдылықтан және қордан баспана беруге уәде берді. Алайда айтқан сөзін орындамай алдап кетті. Жедел іс-шаралар жүргізіліп, күдікті ұсталды», - деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында мемлекет қаржысын жымқырғандардан 653 млн теңге залал келгенін жазғанбыз.