Қала полициясы аталған ойынға байланысты стадион аумағы мен оған іргелес аймақтарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосымша шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.
Қалалық полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдиновтың айтуынша, спорттық іс-шара барысында қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда болады.
— Матч өтетін күні стадион мен оған іргелес аумақта қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіледі. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосымша полиция күштері жұмылдырылады. Сонымен қатар матч өтетін аумақ толықтай тұрақты бақылауда болады, — деді ол.
Сондай-ақ ол жанкүйерлерді стадиондағы тәртіп ережелерін сақтауға шақырды. Қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған кез келген әрекетке жедел тосқауыл қойылатынын ескертті.
— Агрессия, арандату, балағат сөздер, қорлау, бұзақылық әрекеттер, сондай-ақ тыйым салынған заттарды пайдалану — мүлде жол берілмейтін әрекеттер. Мұндай жағдайларда полиция тарапынан жедел шаралар қабылданады. Құқық бұзушылар анықталып, әрбір дерекке құқықтық баға беріледі, — деп полиция бастығы.
Еске салайық, футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымында 126 легионер тіркелді. Шетелдік ойыншылар арасында қай елдің өкілдері көп екенін осы сілтемеде оқи аласыздар.