Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бастапқы бағаны 12,7 миллиард теңге деп бағалады. Саудаға қатысушылар 1,9 миллиард теңге кепілдік жарнасын салуы керек.
Аукцион 2026 жылдың 25 қыркүйек сағат 10:00–де басталады.
Жалпы ауданы 16 196 шаршы метр болатын Hilton қонақүй ғимараты Досмұхамедов көшесінде, Орталық стадионның жанында орналасқан. Кешенге 112 бөлме, мейрамхана, бассейн, спа, хаммам, спортзал және кең банкет залы кіреді.
Ал лотқа жиһаз, жылжымалы мүлік, атау құқығы, сауда белгілері немесе франчайзинг келісімі кірмейді.
Сонымен қатар жер учаскесіне Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің «Су желісі» тарапынан сервитут белгіленген.
Еске салсақ, Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген Kaisar Plaza екінші рет аукционға қойылған еді.
Сондай-ақ Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй IT-хабқа айналатыны хабарланды.