Алматыда қайтарылған активтер есебінен 49,3 км су және кәріз желісі жаңартылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы қаласының Әуезов ауданында Сайын, Шаляпин, Яссауи және Жандосов көшелерінің 1-ші және 2-ші кезегіндегі су құбыры мен кәріз желілерін жаңғырту жөніндегі жобаны жүзеге асыру аяқталды, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Фото: Алматы әкімдігі

-Жұмыс, прокуратура органдарының мемлекетке қайтарған қаражат есебінен орындалды. Кеңес кезеңінен бері пайдаланылып келе жатқан инженерлік желілер, тозу дәрежесі өте жоғары болған және ауыстыруды қажет еткен. Жоба аясында 26,9 км су құбыры мен 22,4 км кәріз желісі тартылды. Жобаны іске асыру нәтижесінде орталықтандырылған инженерлік желілерге 750 абонент қосылды, ал ауданның 3000-нан астам тұрғыны сенімді және үздіксіз сумен қамтамасыз етілді,-делінген хабарламада. 

Аталған жобаны жүзеге асыру, мемлекетке қайтарылған активтерді халықтың игілігіне және қала инфрақұрылымын дамытудың кезекті бір мысалы болды.

Осыған дейін Мойынқұмда алты елді мекен қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен қамтылатыны туралы жаздық.