Алматыда «Қазақфильм» паркінің тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Қазақстан кинематографиясының тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістіктің тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Фото: Алматы әкімдігі

Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, «Қазақфильм» кинематографиялық паркі серуендеуге, демалуға және отандық кино өнерімен танысуға арналған заманауи орын болмақ.

Фото: Алматы әкімдігі

Кеңістікте бірнеше тақырыптық аймақ құру көзделген. Олардың әрқайсысы келушілерді отандық кинематографияның әр кезеңдегі даму тарихымен таныстырады.

Жоба аясында серуендеуге арналған аллеялар, интерактивті және мультимедиялық инсталляциялар, ашық аспан астында фильмдер көрсетуге арналған амфитеатр, балалар алаңы мен демалыс аймақтарын салу қарастырылған.

Фото: Алматы әкімдігі

— Қазақстан киносының тарихын визуалды элементтер арқылы ғана емес, заманауи интерактивті форматтар арқылы да таныстыру көзделіп отыр. Бұл келушілерге кинематографияның даму жолымен, айтулы туындылармен және еліміздің мәдени мұрасымен қолжетімді әрі заманауи форматта танысуға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, Аида Балаева «Қазақфильмнің» отбасылық демалыс орталығына айналатынын мәлімдеген еді.