Алматыда Қазақстан мен Ресей медиа кеңістіктігінің болашағы талқыланды

Фото: Kazinform/ А.Павский

АСТАНА. KAZINFORM — Алматыда Қазақстан мен Ресейдің медиа саласының, мемлекеттік органдардың, сарапшылық топтардың негізгі өкілдерінің басын қосқан екінші медиафорум өтті. 

Таңертеңнен бері залда операторлар техниканы тексеріп, камералар орнатып, тілшілер оқиғаны хабарлау үшін орындарына жайғасты, ал қонақтар бір-бірімен амандасып жатты. Залда ресмилік пен достық атмосферасы сезінді. 

Іс-шара екі елдің медиа кеңістігінің бүгіні мен болашағы туралы маңызды диалог алаңына айналды.

Форумды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен РФ Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ашты. Олардың қатысуы медиа ынтымақтастықтың стратегиялық мәнін танытып отыр.

Фото: Kazinform/ А.Павский

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева екі елдің тарихына, мәдениетіне, жетістіктеріне арналған бірлескен жобалардың маңыздылығы туралы баяндады. 

Фото: Kazinform/ А.Павский

Форумның басты тақырыптарының бірі фейк жаңалықтармен және жасанды интеллектіні пайдаланумен күресу болды. ҚР Президенті Телерадиокешенінің директоры Раушан Қажыбаева халықтың ақпараттық сауаттылығын арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Фото: Kazinform/ А.Павский

Форум ойға мол азық берді: екі елдің жетекші БАҚ басшылары бейресми жағдайда және жұмыс сессияларында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен болашағын талқылады.

ИТАР-ТАСС бас директоры Андрей Кондрашов әріптестерін Фактілерді тексеру Халықаралық қауымдастығына қосылуға шақырды.

Фото: Kazinform/ А.Павский

Ресми сөз сөйлеуден кейін қатысушылар бейресми әңгіме жүргізу аймағына өтті. БАҚ өкілдері кофе ішу барысында алған әсерлерімен бөлісіп, бірлескен жобалардың болашағын талқылады. Форум атмосферасы іскерлік рух және достық ашықтықты үйлестірді. 

Фото: Kazinform/ А.Павский

Форумның бірінші бөлімі топтық фотосессиямен аяқталды. Күлімсіреу мен қол алысумен толықтырылған фотосуреттер іс-шараның достық және сындарлы атмосферасының символына айналды.

Фото: Kazinform/ А.Павский

 Форумды Президент Телерадиокешені мен ресейлік ТАСС ақпарат агенттігі ұйымдастырды.

Фото: Kazinform/ А.Павский
Фото: Kazinform/ А.Павский
Фото: Kazinform/ А.Павский

Алматыда өткен форум екі елдің ортақ жобалардан бастап жасанды интеллект технологияларына дейінгі медиа саласында жоспарлары ортақ екенін көрсетті. 

Фото: Kazinform/ А.Павский
Фото: Kazinform/ А.Павский
Фото: Kazinform/ А.Павский

Бірінші медиа форум өткен жылғы қараша айында Мәскеуде өткен болатын. Сол кезде тараптар екінші кездесуді Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылдады.

Фото: Kazinform/ А.Павский